САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жаңалықтар
28.09.2023, 13:40
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру аумақтық департаментінің инспекторы Б.Әйткей, Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, фракция жетекшісі Қ.Имашев және Атқарушы хатшының орынбасары Е.Айтбаев Жол картасының 48 тармағында белгіленген нысанға барып, жұмыс барысымен танысты. 

Шымкент қаласында орналасқан Жоғары медициналық колледжінің өз аумағына тиесілі спорт залын салу мақсатында «Қаратау ЛТД» ЖШС мердігер компаниясы 2022 жылы спорт нысанының құрылысын бастап, осы жылы қолданысқа берді. 

Жоба бойынша спорт нысаны 2 қабаттан тұрады. Оның ішінде, бірінші  қабатта буфет, асхана, киім ауыстыру бөлмелері, ал екінші қабатта фитнес зал, киім ауыстыру бөлмелері, кабинеттер және ғимарат жанында волейбол, баскетбол ойын алаңы қарастырылған. Жалпы ауданы 948,0 м2 құрайтын ғимарат барлық талаптарға сай, сапалы жасалған.

Сұхбат

PhotoRoom