Қазақстан-Қытай - "бір белдеу-бір жол"

Жаңалықтар
02.02.2015, 09:16

Қытай Халық Республикасының астанасында өткен арнайы конференцияда «Бір белдеу - бір жол» жобасын жүзеге асырудың негізгі басымдықтары болып көлік инфрақұрылымы құрылысы, инвестициялар және сауда, қаржылық өзара іс-қимыл және мәдени алмасулар аталды, деп хабарлады Қазақпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаоли өз сөзінде басты экономикалық және сауда индустриалдық парктерді, сондай-ақ басты порттық қалаларды бірнеше халықаралық экономикалық дәліздер құрылысы үшін тұғырнама ретінде пайдалануға шақырды.

Ол инвестициялар мен сауданы жылжытудың, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар туғызудың және осы жолбағыттардың бойында бірлескен «ынтымақтастық парктерін» құруда үлкен күш-жігер жұмсаудың маңызын атап көрсетті.

«Қаржылық өзара іс-қимыл Белдеу мен Жол құрылысын қолдауды қамтамасыз ету үшін кеңейтіліп, нығайтылуы тиіс», деді Чжан Гаоли.

Қытай вице-премьері сондай-ақ «Бір белдеу - бір жол» құруда гуманитарлық алмасуды, қоршаған ортаны қорғауды және әлеуметтік жауапкершілікті  күшейту қажеттігін ексе салды.

Еске сала кетейік, 2013 жылы күзде Қазақстан мен Индонезияға сапары кезінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Жібек жолының экономикалық белдеуін» (Сиань-Үрімжі-Орталық Азия және Еуропа) және ХХІ ғасырдағы «Теңіз Жібек жолын» (Қытайың оңтүстік-шығыс провинциясы-Малакк бұғазы, Африка Мүйісі - Қызыл және Жерорта теңіздері) бірлесе қалыптастыру бастамасын көтерді.

Өткен жылы бұл бастамалар Қытайдың сыртқы экономикалық стрватегиясының басты элементі болып табылатын   «Бір белдеу - бір жол» бір жобасына біліктірілді.

Сұхбат

PhotoRoom