Шымкент: «Менің Қазақстаным» фестиваліне шетелдік орындаушылар қатысты

Аймақ
18.08.2020, 17:52

Фестиваль - қазақ композиторы, ҚР Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналып отыр

Шымкент: «Менің Қазақстаным» фестиваліне шетелдік орындаушылар қатысты

Шымкент қаласында «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында «Менің Қазақстаным» эстрада әншілерінің онлайн-фестивалі өтуде деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ТМД  мемлекеттерінің халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының және Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен Шымкент қаласының әкімдігінің ұйымдастырған фестивалі - қазақ композиторы, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналып отыр.

Фестивальдің негізгі мақсаты - Достастық елдері арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, рухани байланыстарды кеңейту, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау болып табылады.

1-15 тамыз аралығында өтетін фестивальге қазіргі таңда Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Алтай өлкесі және Санкт-Петербург қаласынан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 20-ға жуық үміткер қатысуда. Сонымен қатар, ТМД мемлекеттерінен тыс Америка Құрама Штаттары, Түркия елдерінен қатысушылар да бар.

Фестиваль қорытындысы бойынша телевизиялық нұсқада концерттік бағдарлама дайындалып, телеарналардан беріледі. Үздік қатысушылар алғыс хаттар табысталады. Сонымен қатар, 2021-2022 жылдар аралығында карантин режимі аяқталғаннан Шымкент қаласында өтетін халықаралық іс-шараларға шақырылатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom