ЖАМБЫЛДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Жаңалықтар
13.09.2023, 17:47
ЖАМБЫЛДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Бүгінде Қазақстан Орталық Азия бойынша экономикасы жылдам дамып келе жатқан елдердің бірі. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде 400 миллиард доллардан астам тікелей шетел инвестициясы тартылып, әлемнің 200-ге жуық елімен сауда-саттық жасалады. Бүгінде экономиканың таза, инновациялық және әртараптандырылған моделіне бет бұрылып, нақты шаралар қабылданып жатыр. Әсіресе Жамбыл облысы инестициялық жобалар бойынша көш бастап келеді.

Осы орайда, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен инвестициялық штабтың отырысы өтті. Инвестициялық штабтың 39 отырысы барысында 94 жоба қаралды. Жобалардың жалпы құны – 2,6 трлн теңге. 2023 жылы жалпы құны 91,3 млрд. теңге құрайтын 16 инвестициялық жоба іске асырылып, 272 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

"Ауыл аманаты" жобасының іске асырылу барысы, агротехникалық қызметтің жұмысы туралы "Тараз" ӘКК" АҚ басшысының м.а. Еркін Жылысбектің баяндамасы тыңдалды. Аталмыш жоба аясында 24 млрд. теңгеге 10 ауданнан 26 округ қаржыландыруға ұсынылған. Ал агротехникалық қызмет 43 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, отырыс барысында "Тараз" индустриялық аймағының директоры Ғалымжан Қайназаровт есеп берді. Ол индустриялық аймақта жалпы сомасы 125,7 млрд. теңгеге 12 инвестициялық жоба іске асырылып, 1375 жұмыс орны ашылатынын айтты. Биыл "Нұрхим 2021" ЖШС (аралас кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісі), "Нұрхим 2021" ЖШС (тігін өндірісі), "Асқар – Тау НС" ЖШС (асфальт-бетон қоспасын өндіру), "Jeti bulaq" ЖШС (битум эмульсиясын өндіру) атты 4 жобаны іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселесі бойынша облыс әкімінің кеңесшісі Ұлжан Шилібекова баяндама жасады.

Облыс әкімі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарды қайта қарау қажеттігін айтып, нәтиже болмаған жағдайда басқарма басшылары жауапкершілікке тартылатын ескертті.

Сұхбат

PhotoRoom