Қазақстанда 2 млн теңге өтемақыны 899 дәрігер алды

Әлеумет
26.08.2020, 11:22

Індеттен көз жұмған 3 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді

Қазақстанда 2 млн теңге өтемақыны 899 дәрігер алды
фото: azh.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі 900-ге жуық медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты Медсақтандыру қорынан төлем алғанын хабарлады.

«COVID-19-бен күресуге тартылған 899 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, Медсақтандыру қорынан ауру салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды», - деп хабарлайды.

Өңірлер арасында медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру бойынша ең көп төлем алған Нұр-Сұлтан қаласы (120), Алматы облысы (85), Алматы қаласы (84), Ақмола (80) және Батыс Қазақстан облыстарының (67) медицина қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына 22 шілдеде енгізілген өзгерістерге сәйкес:

коронавирус инфекциясы немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн теңге;

COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына 10 млн теңге көлемінде төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom