АМАНАТТЫҚТАР АСАР-2 ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жаңалықтар
29.09.2023, 20:06
АМАНАТТЫҚТАР АСАР-2 ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«AMANAT» партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру аумақтық департаментінің инспекторы Болатбек Әйткей Қаратау ауданына қарасты «Асар-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесіп, Республикалық сайлауалды штаб хаттамасындағы тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүргізді. 

Өздеріңізге мәлім осы жылдың наурыз айында партия Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов бастаған Республикалық сайлауалды штабының мүшелері аталмыш шағынауданда болып, жергілікті тұрғындардың талап-тілектерін тыңдаған болатын. Тиісті тапсырмалар беріліп, күрделенген  мәселелердің шешілуі тікелей партия бақылауында. 

Болатбек Әйткей ауыл ақсақалдарымен кездесіп, айтылған уәделердің орындалу барысын сұрап, бүгінгі жағдайларымен танысты. Кездесу кезінде тұрғындар жол, кәріз жүйесі инженерлік желілердің тозуы, абаттандыру және жасыл желек тақырыптары бойынша сөз қозғады.

Аманаттықтар бірде-бір ұсыныс тілектің жауапсыз қалмайтынын айтып, міндетті түрде тиісті жұмыстар атқарылатынын және үнемі бақылауда ұстайтындарын жеткізді.

Айта кетейік, жоспар бойынша 2028 жылға дейін Шымкентте 5,5 млн шаршы метр тұрғын-үй салу, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 67,4%-дан 85%-ға дейін ұлғайту, қала аумағын 100% газдандыру, аулаларда 100 ашық спорт алаңын салу және көшелерді жарықтандыру мәселесін толығымен шешу жоспарлануда. Сонымен қатар, 5 жыл ішінде қалада 600 мың ағаш отырғызылып, қалдықтарды бөлек жинауға арналған 500-ден астам қоқыс контейнерлерін орнату көзделген.

Сұхбат

PhotoRoom