ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Жаңалықтар
06.10.2023, 18:19
ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Бүгін «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында филиалдың Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева және Атқарушы хатшының орынбасары Б.Тулегенов партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасындағы спорт саласының орындалуына байланысты Дене шынықтыру және спорт басқармасының ағымдағы жылға жоспарланған іс-шараларының орындалу барысын тыңдады.

Жол картасы аясында 2023 жылы  5 спорттық нысан құрылысы жүргізілді. 
Қазіргі уақытта 3 спорт нысаны, яғни "Металлург" спорт кешені, "Ипподром", Бозарық шағын ауданындағы № 20 спорт  мектебінің спорт кешені  пайдаланылуға берілсе, Жоғары медициналық колледжінің спорт залының құрылысы аяқталып, құжаттары рәсімделуде. 
Ал, Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл соңына дейін 23 спорт алаңшасы пайдалануға беру жоспарлануда. Ағымдағы жылы жалпы 5 аудан әкімдіктеріне 31 спорт алаңшасының құрылысын салуға жергілікті бюджеттен 842,6 млн теңге қаржы қарастырылған. Жыл соңына дейін 19 спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Сұхбат

PhotoRoom