ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
13.10.2023, 18:07
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы экологиялық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, кеңес төрағасы Ж.Тұрғанов, қалалық мәслихат депутаты Б.Әшірбаев, Еңбекші ауданының атқарушы хатшысы Г.Жартыбекова, кеңес мүшелері және Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Д.Амангелдиев пен қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы «Жасыл белдеу» КММ директоры Е.Достияров қатысты.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасының іске асыру мақсатында әзірленген Жол картасында белгіленген «Жасыл белдеу» КММ-нің жұмыс барысымен таныстық. 
Ағымдағы жылы жол картасына сәйкес қала аумағына 2023 жылдың соңына дейін 120 мың ағаш көшеттерін отырғызуын қамтамасыз ету жоспарланған. Жалпы отырғызылған көшеттердің саны 165 мыңға жуық. Оның ішінде қылқан жапырақты ағаш көшеттері –  9586 дана, ал  жай жапырақты ағаштар мен бұталардың  көшеттері – 153 907 дана.

2023 жылдың көктемгі ағаш отырғызу маусымында жиырма бес мың түп ағаш отырғызылды. Ағымдағы жылдың күзгі ағаш отырғызу маусымында мемлекеттік жекешелік әріптестік жоба аясында қала аумағына 106 мың ағаш көшетін отырғызу қолға алынады. Сондай-ақ, қала аумағына 1млн қызғалдақ отырғызуды және «Жасыл белдеу» КММ қала аумағының жасыл белдеуіне 40 000 жай жапырақты ағаш егуді жоспарлауда. Мекемеде 10 га тұқымбақ бар, аталған тұқымбақта 15-ке жуық ағаш көшеттері тұқымнан және қаламшадан отырғызылып өсірілуде.

Бүгінде Шымкент қаласындағы орман шаруашылығын жүргізетін бірден-бір мекемеде инженерлік құрам және орманшылар жалпы саны 89 адам жұмыс істейді. Көшпелі отырыста кеңес мүшелері тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, қаламызды одан сайын жасылдандырып, көркейтуге байланысты жоспарлар талқыланды. 

#AMANAT

Сұхбат

PhotoRoom