Көлгінов 3 бауырына бас-көз болып отырған 19 жастағы қызбен кездесті

Аймақ
26.08.2020, 18:00

Әкімдік оларды уақытша баспанамен қамтамасыз етеді

Көлгінов 3 бауырына бас-көз болып отырған 19 жастағы қызбен кездесті
Фото: sputniknews.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 19 жастағы Дильнас Шәріпбаевамен кездесті. Дильнастың айтуынша, анасы мен үлкен ағасының қайтыс болуына байланысты қолында 12, 14 және 16 жастағы кәмелетке толмаған сіңілісі мен бауырлары қалған.

Әкімдік Дильнас бен оның кіші сіңлілерінің колледждегі оқу ақысын төлеу мәселесін шешіп береді. Ал оның бауырларына жаппай оқыту қоры аясында көмек көрсетіледі. Оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар мен қашықтан оқу үшін компьютерлер мен роутерлер беріледі.

Сонымен бірге әкімдік оларды уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Дильнас Шәріпбаева тұрақты жұмысқа орналасады. Әкімдік бұл отбасының балаларына алдағы уақытта тұрақты негізде көмек көрсетеді.

Еске сала кетейік, 19 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, студент Ділнас Шәріпбаева қазақстандықтардан көмек сұрады. Ол бесінші тамыздан бастап төрт адамнан тұратын отбасының үлкені. Бойжеткен үш жасөспірім бауыры - екі інісі мен бір сіңлісін қамқорлығына алды.

«2007 жылы әкем жіті ми қан айналымы мен созылмалы жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігінен қайтыс болды. 2020 жылдың 8 шілдесінде анам Covid-19-дан көз жұмды. Бір айдан кейін, 5 тамызда үлкен ағам суға кетіп қайтыс болды. Ол небәрі 28 жаста еді. Мен бір сәтте өте қиын жағдайға тап болдым, өйткені менің қолымда 12, 14, 16 жастағы үш бауырым қалды», - дейді бойжеткен.

Сұхбат

PhotoRoom