ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

Жаңалықтар
20.10.2023, 14:31
ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін «Құтқарушылар күніне» орай «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері №2 қалалық Төтенше жағдай бөлімінің өрт сөндіру және Төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарының өрт станциясына экскурция жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Ахметов Жолдас Акимбекович, Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының офицері аға лейтенант Адиханов Жанұзақ Хамитұлы белсенділерге жалпы өрт сөндіруші мамандығымен, тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Жастар құтқару құралдарын қолдану, өртті сөндірудің негізгі элементтері бойынша арнайы түсіндірме жұмыстарынан өтті. Сонымен қатар өрт сөндіруші - құтқарушылардың арнайы костюмдерін киіп көрді.

Әрі қарай газ-түтін қорғаушылардың киімдерін де киіп, барлығын практика жүзінде жасап, ұстап көрді.

Жауынгерлік киім киген белсенділер өздерін өрт сөндірушілер сияқты сезіне алды деп ойлаймыз.

Сұхбат

PhotoRoom