Республика күні қарсаңында «Bir Tolqynda» жастар бас қосты

Жаңалықтар
20.10.2023, 16:09
Республика күні қарсаңында «Bir Tolqynda» жастар бас қосты

Отырысқа, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының фракция мүшесі, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Сулайманов Лазиз Низамханұлы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Байқонысов Ербол Рәбілұлы, партия белсенділері, жастар рухының мүшелері, жасыл ел еңбек жасақтары қатысты.

Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. 

Кездесуде Республика күні мерекесінің мән-маңызы, еліміздің тәуелсіздік жылдардағы негізгі жетістіктері, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелер айтылды.

Жиын соңында Республика күні мерекесімен құттықтап, елдік пен бірліктің жолында күш біріктіріп, елге қызмет ете беруге шақырды.

Сұхбат

PhotoRoom