МЕНІҢ ЕЛІМ - МЕНІҢ ТУЫМ АКЦИЯСЫ

Жаңалықтар
24.10.2023, 17:32
МЕНІҢ ЕЛІМ - МЕНІҢ ТУЫМ АКЦИЯСЫ

«Менің Елім – Менің Туым» акциясы қазақстандықтардың Республика күні қарсаңында бірлігін нығайтады

ҚР Мемлекеттік Туын насихаттауға арналған «Менің Елім – Менің Туым» акциясы Елімізде екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатыр. Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері ел аумағында 5 мыңнан астам Ту ілуді жоспарлап отыр.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күні ұлттық мереке мәртебесін иеленді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, ол Тәуелсіздік жолындағы алғашқы әрі маңызды қадам болды.

Бүгін акция асында шымкенттік жастар қанатының белсенділері ғана емес, қарапайым тұрғындар да қатысып жатыр. Олар Туды үйіне, қоғамдық орындарға, көлігіне ілуде. Кәсіпкерлер де шет қалмай, Мемлекеттік Туды дүкендеріне, мейрамханаларына, цехтары мен шаруа қожалықтарына орнатуда. «Менің Елім – Менің Туым» акциясына «Жастар Рухының» 500-ден астам белсендісі қатысуда. Олар Еліміздің барлық өңірінде 5000 Ту көтеруді жоспарлап отыр.

Сұхбат

PhotoRoom