Эпидемиологиялық ахуал жақсарса, шалғай ауылдардағы оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

Жаңалықтар
27.08.2020, 12:58

530 мың бала дәстүрлі форматта оқиды

Эпидемиологиялық ахуал жақсарса, шалғай ауылдардағы оқушылар дәстүрлі форматта оқиды
Фото: ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқу жылы қашықтан болатынын айттты. Алайда, екі ерекшелік болады.

Біріншісі - кезекші сыныптардың жұмысы. 1-4 сыныптарға байланысты, ата-аналардың өзінің дербес шешімі болса, осындай кезекші сыныптар ұйымдастырылатын болады.

Екіншісі - шалғайдағы ауылдардағы шағын жинақталған мектептер. Эпидемиологиялық ахуал жақсы болса, дәстүрлі форматта оқуға болады.

«Тамыз айының соңындағы деректерге сәйкес, жалпы оқушылардың 80%-ы (2,6 млн оқушы) қашықтан оқытылады. 15%-ы (ата-аналар өтініштері бойынша) кезекші сыныптарға барады. Бұл деген 530 мың бала және 5%-ы дәстүрлі форматта оқитын болады. Шағын жинақты мектептерде оқитын балалар саны - 202 мың бала», - деді министр.

Қашықтан оқыту бойынша негізгі 2 бағыт бар:

Интернет арқылы оқыту. Арнайы 8 интернет-платформалары бар. Жазда осы платформалардың ыңғайына байланысты мектептер, қалалық, аудандық мектептер білім бөлімдері шешім қабылдап, қол қойған.

Теледидар бойынша берілетін сабақтар. Екі телеканал арқылы: Еларна және Балапан телеарналары. 9 сағатқа дейін эфир беріледі.

Кезекші сыныптар бойынша: Үзілістер әртүрлі уақытта болады. Сабақ ұзақтығы - 40 минутқа дейін. Балалар бір кабинетте оқытылады. Әр күн сайын дезинфекциялық шаралар жүргізілетін болады.

Сұхбат

PhotoRoom