САЛТ-ДӘСТҮР - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Жаңалықтар
31.10.2023, 17:46
САЛТ-ДӘСТҮР - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Бүгін әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Шымкент қалалық дін істері басқармасы мен «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «САЛТ-ДӘСТҮР – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» атты әйелдер конференциясы өтті. 

Жиынның басты мақсаты - зайырлы мемлекетте салт-дәстүрді сақтай отырып дін ұстану, қазақ әйелдерінің мәртебесін арттыру, деструктивті, радикалды діни ағымдарды ажырата білу, жастар арасында зорлық-зомбылық пен терроризмге қарсы мәдениетті қалыптастыру. 

Бас қосуға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, «Серпіліс» қоғамдық қорының басшысы Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы, Нұр-мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстаздары Әділбаева Шамшат Амангелдіқызы, Кеңесбаева Айша Аманқызы, белгілі драмматург Сая Қасымбек, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталғының қызметкерлері, медресе және колледж студенттері қатысты. 

Ұрпаққа адамгершілікті дәріптеу, ақыл мен білімге шақыру үлкенді сыйлау сияқты насихатымен құнды. Нәресте болып  өмірге келгеннен бастап қарттық шағына дейінгі аралықта орындалатын салт – жоралары жеткілікті. Мұның бәрі адам өміріне бей – жай қарамағандығының көрінісі. Бүгінгі қоғамда дін мәселесі, оның ішінде адасушылық жолға түсіп кеткен жастарымыздың зайырлы мемлекет принциптеріне қайшы келетін идеологияның жетегінде жүріп, ата-бабаларымыздың аманат етіп қалдырған ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді, дінімізді, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды мойындамуы алаңдататындай-ақ мәселе. 

«AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасында да бұл мәселе қалыс қалған емес. Партияның мақсаты – азаматтың құқықтары мен мүдделері қорғалатын, ал адал еңбек пен білім әр адамға өз жоспарларын жүзеге асыруға және жетістікке жетуге мүмкіндік беретін демократиялық, әділетті және өркендеген мемлекет құру болып табылады. Болашақ дамуы мәдениетке сүйенген құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты. Ал адамда басты құндылық деп қабылдайтын ұлттық тәрбие әрдайым жоғары тұруы тиіс.

Сұхбат

PhotoRoom