«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕЛІСІ 65 ПАЙЫЗҒА АЯҚТАЛҒАН

Жаңалықтар
01.11.2023, 18:32
«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕЛІСІ 65 ПАЙЫЗҒА АЯҚТАЛҒАН

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау кеңесінің көшпелі отырысы «Жұлдыз» индустриалды аймағында өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, фракция жетекшісі Қайрат Имашев, кеңес төрағасы Мақсат Абдукаримов, мәслихат депутаттары Төрайым Сұлтанова, Талғат Исхаков, Талғат Балтабаев, Нұрсұлтан Балабиев, кеңес мүшесі Наргиза Керимбаева, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Ермек Тұрманов және энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жауапты маманы Аман Мақсұтұлы қатысты. 

Естеріңізде болса, аталмыш аймақ 2021 жылы құрылған болатын. Жалпы алаңы 306 га құрайды. Жаңа индустриялық аймақтың аумағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Аталған аймақта инвестициялық құны 167 млрд теңге құрайтын, 4762 жаңа жұмыс орынын қамтитын 51 жоба іске қосылған.

Оның ішінде, жалпы құны 51,2 млрд теңгені құрайтын 13 жоба құрылыс жұмыстарын бастады. Ал, 2023 жылы инвестициялық құны 1,5 млрд теңге құрайтын, 125 жаңа жұмыс орынымен 2 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның бірі - «Юг PLASTIC KZ» ЖШС ішкі және сыртқы кәріз жүйелерін және үйлерге арналған жаңбыр суағарлары жүйесін өндіру. Екіншісі - «Юг Oil Pro» ЖШС Мұнай жол битумын қабылдау, сақтау және асфальт өндіру жөніндегі база. Бүгінгі таңда аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысы 65 пайызға аяқталған.

Сұхбат

PhotoRoom