Шымкенттегі Дендросаябақта маскамен серуендеуге рұқсат етілді

Аймақ
27.08.2020, 15:30

Саябақта биыл веложолдар салынуда

Шымкенттегі Дендросаябақта маскамен серуендеуге рұқсат етілді
Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласы «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» қала тұрғындары үшін есігі ашық екенін хабарлайды. Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері Ә.Тулебаевтың 31.07.2020 жылғы №30 Шымкент қаласында карантин мерзімін ұзарту туралы қаулысының 2.4. және 3.6. баптарына сәйкес, тоннелль арқылы кіру, ара-қашықтықты сақтау және бетпердемен жүру керектігін ескертеді.

Дендросаябақта биыл веложолдар салынуда. Мұнда тиін ағаштан-ағашқа секіріп, қояндар асыр салып жүр.  Құстар мен аңдардың алуан түрін тамашалап, таза ауада емін-еркін тыныстап қайтуға болады.
Саябаққа келушілер бетперде тағып, 3 адамнан аспай, ара-қашықтықты сақтап және отбасы мүшелерімен келуге рұқсат етіледі, сондай-ақ серуендеу уақыты дүйсенбі-жұма аралығы, таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін белгіленді. Сенбі-жексенбі күндері жабық. 

Сұхбат

PhotoRoom