Алматыда патрульдік көлікке соғылған жүргізуші қайтыс болды, бір полицей жарақат алды

Аймақ
27.08.2020, 16:55

Қайтыс болған жүргізушінің жеке басы анықталып жатыр

Алматыда патрульдік көлікке соғылған жүргізуші қайтыс болды, бір полицей жарақат алды
скриншот

Бүгін сағат 15:05-те Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Nissan Primera автокөлігі әл-Фараби даңғылы бойындағы тұрған патруль көлігіне соғып, cол инерциямен шығысқа қарай жүріп бара жатқан Mercedes көлігіне соқтығысты. Бұл туралы Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.

Соқтығысу салдарынан экипаж құрамындағы полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жарақат алып, жедел түрде 7-ші қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Өртенген Nissan көлігін тексеру кезінде жүргізушінің өрт шалған денесі табылды. Жүргізушінің жеке басы анықталып жатыр.

Сонымен қатар, басталған тергеу барысында көліктің өртену себебі және оқиғаның басқа да жағдайлары анықталады.

Тегтер:
Алматы өрт

Сұхбат

PhotoRoom