КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН «ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА» ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жаңалықтар
17.11.2023, 14:20
КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН «ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА» ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясының «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау»  жөніндегі республикалық кеңесінің төрайымы Д.Закиеваның хаттамалық тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен интернаттарға «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау»  жөніндегі аймақтық кеңесінің төрайымы Э.Созақбаева және Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Е.Серкебаев, партия филиалының Саяси жұмыстар бөлімінің  меңгерушісі Е.Байқонысов  Шымкент қаласының  Білім басқармасына қарасты Оңалту орталығына барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. 

Аталмыш «Оңалту орталығы» КММ ғимараты 1975 жылы салынып, биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 01.05.2023 жылы «Оңалту орталығында» жоба авторы «Диас Проект», бас мердігер «Град Строй Сервис» ЖШС құрылыс жұмысын атқарды. Ғимараттың ішкі, қасбет келбеті және толық инженерлік жүйелері қайта жаңаланған. Одан өзге сыртқы жолдар, ойын алаңшалары және көгалдандыру жүйесі жаңартылған. Инжинерлік қадағалау - 10 973 765,38 теңге, мердігер – 357 512 940,37 теңгені құрайды. 

Зерделеу барысында 150 орындық мекеменің мүмкіндігі шектеулі жандарға пандустардың  дұрыс орналастырмауына ескертулер жасалды. Сонымен қатар, балалардың ойын және жатын бөлмелеріндегі жылу температусын  бақылауда ұстауды тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom