ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

Жаңалықтар
22.11.2023, 09:23
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

Құқықтық мемлекет дегеніміз – жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның құқықтарын қорғауды басты мақсат етіп қойған мемлекет. Бұл жерде адам, оның өмірі, құқығы және еркіндігі басты құндылық болып саналады. Осы орайда еліміздің бас партиясы барлық өңірде «Құқықтық кеңес» жобасын жүзеге асыруда. Шымкент қаласында кезекті жоба аясында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Абишев Бөкейхан қоғамдық қабылдау өткізді. Қала тұрғындарына Шымкент қаласы Тұран ауданы прокуратурасының аға прокуроры Алтаева Сәуле, Әділет департаменті басшысының орынбасары Исабекова Айнұр,  Zangerler Palatasi заң консультанты Мырзағалиева Анара, полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқарма басшысының орынбасары Жандарбеков Ғабитжан заң тұрғысынан сұрақтарына жауап берді. 

Калашникова Надежда есімді қала тұрғыны анасының қайтыс болуына байланысты өзін мұрагер ретінде танып, анасының атындағы баспананы өз атына аудару бойынша көмек сұрай келді. Ал, Хайдарбекова Карима және Калимбетова Гүлжауһар бірнеше жылдан бері алимент өндіре алмай жүргеніне шағымданды. Хайтметов Муроджан сот қаулысына наразылығын айтып, аппеляцияға беру тәртібін сұрады. Келушілердің барлығына тиісті құқықтық кеңес берілді.

Сұхбат

PhotoRoom