ЖАМБЫЛДА ҚҰРЫЛЫС КӨЛЕМІ АРТТЫ

Жаңалықтар
27.11.2023, 17:02
ЖАМБЫЛДА ҚҰРЫЛЫС КӨЛЕМІ АРТТЫ

Биыл тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында құны 74 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 

Тараз қаласында 59 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ал Сарысу ауданы, Жаңатаста көпқабатты бір үйге және Жуалы ауданында көпқабатты бір үй қайта жаңғырту жұмысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 45 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. 

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында ағымдағы жылға 797 пәтерді сатып алуға республикалық бюджеттен 7,6 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бұдан бөлек, жеке меншік инвестиция есебінен 14 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, мемлекеттік бюджет қаражаты және жеке инвестиция есебінен жалпы 698,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру міндетте тұр.

Он айдың қорытындысымен бюджет қаражаты есебінен 10 тұрғын үйдің Тараз қаласында тоғыз кредиттік үй, Жуалы ауданында бір арендалық үй және жеке меншік инвестиция есебінен он бір үйдің құрылысы аяқталды. Жалпы бюджет қаражаты және жеке инвестиция есебінен 557,7 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,2%-ға асыра орындалды.

Ағымдағы жылы жер кезегіндегі азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 14 жаңа алқапта 20  инженерлік инфрақұрылым жобаларының құрылысын жүргізуге бюджеттен 5,4 млрд.тг. қаражат бөлінді. Жыл қорытындысымен 2 жаңа алқапта Жамбыл ауданы, Аса ауылында 811 жер телімі, Жаңатас қаласы Құрылысшы алқабында 58 жер телімін таратуға дайындау жоспарлануда.

Өздеріңізге белгілі, облыс аумағында тәрбиелік мәні бар «Асарлатып үй салу» жобасы басталған болатын. Бұл игі істің мақсаты - әлеуметтік осал топтағы және көп балалы отбасыларды баспанамен қамту болып табылады.

- «Асар» жобасы басталғалы асарлатқан ағайынның көмегімен 338 мұқтаж отбасы баспаналы болса, биыл 105 отбасына қуаныш сыйласақ деген ниетіміз бар. Бүгінгі күнге, 49 жанұя баспаналы болды. Қалған 56 үйдің құрылысын жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда. Аталған жоба бойынша көмек көрсетілетін мұқтаж жанұя тізімін ауылдық округ әкімдігі және ауылда төрағалық ететін ақсақалдар кеңесі арқылы анықталады, - деді Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Данияр Темірбекұлы.

Сұхбат

PhotoRoom