ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Жаңалықтар
03.11.2023, 18:24
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қазіргі қоғамда инновациялық жобаларға сұраныс жоғары. Нарық үдесінен шығу, осы үдеріске ілесіп отыру заман талабы десек, тың жобаларды әзірлеу мен өндіріске енгізудің экономикалық тәуекелі өз алдына. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында да инестициялық жобаларға кеңінен тоқталады.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев инвесициялық жобаларды үнемі қолдап келеді. «United Concrete Canvas» ЖШС-нің өкілдерімен өткен кезекті кездесуде шетелдік инвесторлар ағын су каналдарын бетон төсемдерімен жабдықтауға арналған жобаларымен таныстырды.

«United Concrete Canvas» ЖШС-нің бас директоры Ильдар Ямалиев, акционерлер Иэн Вудкок, Нұржан Бимендин Дастенұлы жобаның ағын су тапшылығын шешудегі оң әсері жайлы жан-жақты жеткізді. Олар бетон төсемдерін су каналдарына төсеу арқылы монтаж жұмыстарына кететін уақыттан ұтуға, ылғал шығынын айтарлықтау азайтуға мүмкіндік беретінін түсіндірді. Осыған дейін аталған компания пилоттық режимде Белқожа каналының бір бөлігіне өз жұмыстарын жүргізіп, іс жүзінде көрсеткен болатын.

Өңір басшысы өз сөзінде облыс аумағында 300-ге жуык су каналы бар екеніне тоқталып, аймақ үшін ылғалды үнемдеуге негізделген бұл жобаның маңыздылығын атап өтті. Ербол Қарашөкеев компания өндірісін жергілікті жерде жүзеге асыру үшін облыстан зауыт салуды ұсынып, ол үшін өңірде цемент өндірісі де жолға қойылғанын да жеткізді. Сондай-ақ, ол инвестициялық жобаны қолдау, инфрақұрылым мәселесін шешу, қолайлы аумақты таңдау бойынша мемлекет және жергілікті билік тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдауданатынына сендірді. Тараптар барлық мүмкіндерді жан-жақты қарастыруға келісті.

Сұхбат

PhotoRoom