ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ 85 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Жаңалықтар
15.11.2023, 10:58
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ 85 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Қазақстан жолдардың сапасы бойынша аутсайдер мемлекеттердің қатарынан түспей келеді.  Әлем елдерінің жол сапасын анықтайтын рейтингте Қазақстан қазір 141 елдің ішінен 93-орынға жайғасады. Мемлекет басшысы да жол мәселесін бірнеше рет көтеріп, жолдардың сапасына қатысты азаматтардың сыны орынды деп баға беріп, қалыптасқан жағдайды реттеу үшін жүйелі шараларды қабылдауды жүктеген болатын.

«Үкімет пен облыс әкімдіктері 2025  жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіруге тиіс. 2019 жылдан бастап бүкіл еліміз бойынша осы мақсатқа жыл сайын республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінуде.  Жол құрылысына және оны жөндеуге жергілікті бюджеттен де қаржы жұмсалады. Мемлекеттің тапсырысын орындаймын деп келген кез келген мердігердің басты міндеті – сапалы жұмыс. Сондықтан, оларға қойылатын талап та қатаң болуға тиіс.»- деп тапсырма берген Президент.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындармен кездесуде азаматтардың талап-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелерді жіті назарда ұстайды. Аудан халқы ауылішілік көшелердің жай-күйін айтып, жөндеу қажеттігін алға тартқан болатын.

Соған сәйкес, Жамбыл ауданында биыл 100-ге жуық ауылішілік көшелер, аудандық маңызы бар жолдарға асфальт төсемі төселуде. Бүгінде көтерілген мәселелер бойынша 93 көшеге республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жоспарланса, қазіргі таңда 85 көшенің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған.

Қазіргі таңда Шайдана, Рахат, Еңбек, Тастөбе, Қостөбе, Бірлесу-Еңбек, Шоқай, Аса ауылдарында жолдар 100 пайыз асфальтталған. Жалпы биыл Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстарына бөлінген 24,9 млрд. теңгеге 494 жоба жүзеге асуда. Мұның есебінен 800 шақырымға жуық жол орташа жөндеумен қамтылмақ.

Сұхбат

PhotoRoom