КІТАП – САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА

Жаңалықтар
01.12.2023, 18:36
КІТАП – САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында жуырда ашылып жұмысын бастаған «Кітап-Amanat»-та жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті.  Жиынға қаламыздағы қаламгерлер, жазушылар, журналистер, жалпы кітапсүйер қауым жиналды. 

Басқосуда «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар сөз алып, партиялық жобаның маңыздылығына тоқталып, жастар қауымын кітап оқуға шақырды. «Miras» аймақтық кеңесінің төрағасы, Шымкент қалалық ақын-жазушылардың «Қаламгер» әдеби бірлестігінің төрағасы Әбдіәкімұлы Момбек өз шығармашылығы жайлы жастарға сыр шертті. Абай кітапханасының директоры Жұманова Нұрила кітапхана мен кітаптың адам өміріндегі рөлі жайында ойымен бөлісті. 

Ал, белгілі журналист, қалалық «Шымкент келбеті» газетінің бас рекдаторы Тайжан Бахтияр «Кітап-AMANAT» дүкенінің ашылуы халықты мәдениеттілікке баулудың ең тиімді жолы екенін тілге тиек етті. «Серпіліс» қоғамдық қорының директоры, журналист Нарымбетова Бейсенкүл кітаптан алшақтамай, әсіресе жастардың кітапқа жақын болуы қуантарлық іс екенін жеткізді.
Аталмыш дүкенде кітаптар барынша төмен бағада саудалануда. Бұл жоба Қазақстандағы қазіргі заман авторларының шығармаларын ғана емес, жалпы отандық әдебиетімізді ілгерілетуге бағытталған шараның бірі.

Сұхбат

PhotoRoom