Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС басшылығымен кездесу өткізді.
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясын салу жобасы қытайлық Visor Inernational DMCC және China Power International Holding Limited корпорацияларымен серіктестіктігімен іске асырылды. Инвестиция көлемі шамамен 150 миллион АҚШ долларын құрайды.
2021 жылдың маусымында станция 100 МВт (2,5 МВт - 40 турбина) толық жобалық қуатымен іске қосылды. Күн сайын шамамен 1 миллион кВт / сағ электр энергиясы өндірілуде.
Компания директоры Ян Фуган Сарысу ауданындағы жел электр станциясы Орта Азиядағы қытайлық компанияның визит карточкасына айналғанын атап өтті.
Ол Жамбыл облысының табиғи ресурстарының жоғары әлеуетін ескере отырып, өңірде жел энергетикасын одан әрі дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларымен таныстырды. Басты мақсат – электр энергетикасы саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету, қытайлық серіктестерді тарта отырып, компания жел генераторларына арналған бөлшектердің өндірісін жолға қою.
Кездесу барысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне айрықша назар аударылды. Компания 2019 жылы Сарысу аудандық ауруханасына жедел жәрдем көлігін сыйға тартса, 2021 жылы Жаңатаста «Ынтымақ» аллеясын, 2022 жылы «Ақбұлақ» бассейнін, биыл Жаңатас қаласының орталық алаңында ашық аспан астындағы сахна (құны 25,0 млн.теңге) орнатқан.
Облыс әкімі инвесторларды қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылатынын, өңірде олардың табысты жұмыс істеуі мен кәсіпкерлікті дамытуға қажетті барлық жағдайлар қарастырылып жатқанын атап өтті.
Аймақтық экономика — экономика ғылымының өндіріс салалары мен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орналастыруды, өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлімі. Ол материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономиканы басқаруды одан әрі жетілдіруді, шаруашылықты дамытуды, салааралық мамандандырылған шаруашылық түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтағы өндірістік салаларды жетілдіруді зерттейді.
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады, ірі өндірістік комплекстерді құруға жол ашады. Ол үшін аймақтың энергетикалық, минералды-шикізат, материалдық-техникалық базасы зерттеледі, өндіргіш күштердің дамуына табиғи ортаның, экологияның бұзылмауы негізге алынады. Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады.