ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жаңалықтар
12.12.2023, 15:43
ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Биыл «Желтоқсан оқиғасына» 37 жыл. Егемендікті жақындатқан 1986 жылғы қазақ жастарының ерен ерлігі ұмыт қалмай, жас буынға ұдайы дәріптеліп жатыр. Желтоқсан оқиғасына 20 мыңға жуық жас жиналған. Шеруде 8 500 адам ұсталып, 99 адам сотталды. Тағы 264 студент оқудан шығарылды. Желтоқсан оқиғасы Қазақстанның Тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы, тәуелсіздіктің бастауы ретінде бағаланады. Осы орайда «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Кітап- AMANAT» жобасы аясында желтоқсаншылармен кездесу өтті. Жиынға «Желтоқсан ақиқаты» патриоттық қозғалысының РҚБ Шымкент қаласы бойынша мүшелері, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар, Атқарушы хатшы орынбасары Тулегенов Бекайдар, фракция жетекішісі Имашев Қайрат, мәслихат депутаты Балтабаев Талғат, «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының басшысы Білісбеков Жұмағали, қоғам қайраткерлері мен белсенділері, жастар қауымы қатысты. 
-     Шара барысында желтоқсаншылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайындағы бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті. Желтоқсан батырлары 16-18 желтоқсанда алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін айтып, бір сәтке өткен күнге оралды. Сонымен қатар, Шымкент қалалық мәслихатының шешімімен Желтоқсан оқиғасына қатысқан 20 жерлесімізге 207 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалғанын жеткізгім келеді. Бұл біздің азат өмірімізді, бейбіт күнді жақындатқан батырларымызға алғысымыз деп білсеңіздер, - деді өз сөзінде Жанар Әлібекқызы.
    Кездесу барысында саз колледжінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, терме орындап, өлеңдер оқыды. Жиын соңында қонақтарға «Кітап- AMANAT» дүкенінен кәдесый ретінде кітап табысталды.

Сұхбат

PhotoRoom