ШЫМКЕНТТЕ 700-ДЕН АСТАМ ЕСІРТКІ ЖАРНАМАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Жаңалықтар
15.01.2024, 18:25
ШЫМКЕНТТЕ 700-ДЕН АСТАМ ЕСІРТКІ ЖАРНАМАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

    Шымкент шаһарында «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қалалық полиция департаментінің мамандарымен бірлесе пайдалы акция өткізді. «Стоп-граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағында жалпы саны 731 есірткі жарнамасы жойылды.

    Шара барысында, Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші және Тұран ауданы аумақтарында қабырғаларға салынған есірткі сайттарын жарнамалайтын жазбалар өшіріліп, оның орнына «Stop-граффити» таңбасы басылды. Бүгінде бір елді ғана емес, әлемді жайлаған есірткі мәселесі өршіп тұр. Оған қарсы күрес жүргізу үшін дүние жүзі мемлекеттері аянып қалып жатқан жоқ. Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда.

    Есірткіге қарсы тек құқық қорғау органдары ғана емес, тұтас ел-жұрт болып күресуге шақырамыз.

Сұхбат

PhotoRoom