Шымкенттік шаруалар өнімдерін әлемнің 11 еліне экспорттады

Аймақ
17.08.2020, 21:07

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша Шымкент республикада көш бастап тұр

Шымкенттік шаруалар өнімдерін әлемнің 11 еліне экспорттады

«Байлықтың атасы - еңбек, анасы – жер» деген. Жер еміп өскен шаруалар бүгінде сол еңбегінің нәсібіне кенеліп отыр. Қала шаруалары жыл басынан бері 73,6 млн. АҚШ долларын құрайтын өнімдерін әлемнің 11 еліне: Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытайға жөнелткен.

Аталған елдерге ірі қара еті, балық, картоп, пияз, қырыққабат, бидай, арпа, ұн, өсімдік майы, макарон және кондитер өнімдері экспортталды.

Жалпы Шымкент қаласының бірінші жартыжылдықтағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 14.7 млрд теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7 %-ға жоғары. Осылайша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша Шымкент республикада көш бастап тұр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom