Қаланың тазалық жұмыстары кестеге сәйкес атқарылады

Аймақ
17.08.2020, 21:40

Қоқыс контейнерлері  күніне 2 рет тазаланады

Қаланың тазалық жұмыстары кестеге сәйкес атқарылады

Шымкентте төрт аудан аумағындағы тұрғын алаптардың көшелері, көпқабатты тұрғын үй аулаларында қарқынды түрде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Абай ауданында бұл жұмыстар ұдайы назарда. Самал-3 шағынауданындағы ішкі орамдық көшелерге «ЛТД тұрмыс» мекемесі дезинфекция жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, ауданда тұрмыстық қатты қалдықтарды тазалау жұмыстары күнделікті кестеге сәйкес атқарылады.
Мердігер мекеме көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлердің ауласындағы контейнерлерді аптасына 1 рет тазалап отырады. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

Сұхбат

PhotoRoom