Президент жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдердегі елшісі тағайындалды

Жаңалықтар
02.09.2020, 13:27

Қазақстанның Қатар мен Кувейттегі төтенше және өкілетті елшілері қызметінен босатылды

Президент жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдердегі елшісі тағайындалды
фото: Қайрат Лама Шариф және Арман Исағалиев

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстанның Қатар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Египет, Алжир, Тунис елдеріндегі төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарудан босатылды;

Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстанның Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев ҚР-ның Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Бутан, Мальдивтер елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды;

Қазақстанның Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов ҚР-ның Солтүстік Македониядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев Қазақстанның Қатар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен;

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстанның Кувейт мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Сұхбат

PhotoRoom