Сенат хабарлағандай, Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан мен Македонияның Үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.
Бюро отырысы барысында Палатаның 2015 жылғы 5 ақпанда болатын жалпы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізілді.
Сенаторлар Қазақстан мен Мажарстан Үкіметтері арасындағы олардың мемлекеттерінің аумағында заңсыз тұратын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы; «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын (бірінші оқылым) қарауды жоспарлап отыр.
Бюро отырысында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының іс-шаралар жоспары туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізілді.
strategy2050.kz