Бақытжан Сағынтаевқа Шығыс Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері көрсетілді, деп хабарлайды Қазақпарат.
Ресми бөлім басталмас бұрын астанадан келген қонаққа Қазцинк, СемАЗ, Шығыс машина зауыты және т.б. өңірдің өнеркәсіп орындарының инвестициялық жобалары көрсетілді. Бұдан әрі бағдарлама бойынша ШҚО өнеркәсіптік кәсіпорындарының қатысуымен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жиын өтті.
Б. Сағынтаев «Қазақстандық қамту» үлесін ұлғайту қажеттігін атап өтті. Бүгінде ұлттық компаниялар мен ШҚО әкімдіктері арасында бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды, яғни, тауарлардың белгілі бір көлемі осы жерден сатып алынатын болады».
Жиын соңында қазақстандық қамту бойынша ШҚО әкімдіктері мен ұлттық компаниялар, жүйе құраушы кәсіпорындар арасында меморандумдарға қол қойды. Сондай-ақ, облыстық әкімдік, жұмыс берушілер және кәсіподақ арасында өндірістік үрдістерді тұрақтандыру және жұмыс орындарын сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.