Жұмыс орындарын сақтап қалу - Президент тапсырмасы

Жаңалықтар
03.02.2015, 16:12

Жұмыс орындарын сақтап қалу Мемлекет басшысының әкімдерге жүктеп отырған негізгі тапсырмасы. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде кәсіпкерлермен өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, отандық бизнесті қолдауда ұлттық компаниялардың тауарлар мен қызметтерді сатып алуда жергілікті мазмұнның үлес салмағын арттыру бағытында Үкімет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

«Бұл өз кезегінде отандық кәсіпорындардың дамуына, қуатын арттыруға және шығаратын өнім түрлерін көбейтуге, ең бастысы, жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жұмыс орындарын сақтап қалу – Мемлекет басшысының әкімдерге жүктеп отырған негізгі тапсырмасы», - дейді Бақытжан Сағынтаев.

 

Сұхбат

PhotoRoom