Қырғызстан Ресей мен Қытайға басымдық бермек

Жаңалықтар
04.02.2015, 10:12

Көршілес екі ел - Қырғызстан мен Қытай бірлескен даму қорын құру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қырғыз Республикасының экономика министрі Темір Сариев мәлімдеді. 

"Келесі айдың басында Қырғызстан Республикасы Президенті жанындағы тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысы өтеді. Қазір біз бизнес қоғамдастықпен, мемлекеттік органдармен келіссөздерді бастадық. Өңірлерді аралаймыз, қоғамдық пікір қалыптастыратын үкіметтік емес ұйымдармен кездесеміз. Осы арқылы еліміздің инвестициялық жайлы климатын көрсете білуіміз шарт" деді Т. Сариев.

Оның айтуынша, жақын уақытта Қырғыз-Ресей даму қоры жұмысын бастайды. Дәл осындай Қырғыз-Қытай даму қорын құру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын да министр тілге тиек етті.

 

Сұхбат

PhotoRoom