Өзбекстан шет елдерде 44 сайлау учаскесін ашады

Жаңалықтар
04.02.2015, 10:22

Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы алдағы Президент сайлауы кезінде шет мемлекеттерден 44 сайлау учаскесін ашу туралы шешім қабылдады.

Сайлау учаскелері Өзбекстанның өзге елдердегі өкілдіктерінде орналасады. Ал ел астанасы Ташкент қаласында бұған дейін белгілі болған 653 сайлау учаскесіне тағы да 14 осындай орын қосылатын болды.

Айта кетейік, Өзбекстан президентін сайлау 29 наурыз күні жүзеге асырылады. Әзірге елдегі саяси партиялар ұсынған 4 үміткерді қолдау туралы сайлаушылардан қол жиналып жатыр.

 

Сұхбат

PhotoRoom