Сапарбаевтың сапары Көкшетауда жалғасты

Жаңалықтар
04.02.2015, 10:32

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді.

Жұмыс сапары барысында вице-премьер «ЕНКИ» ЖШС-де болып, өндірістік процестерді тұрақтандыру және жұмысшылардың еңбек құқығы мен кепілін қамтамасыз ету бойынша мәжіліс өткізді.

Мәжілісті облыс әкімі Сергей Кулагин ашып, жүргізіп отыр. Өңір басшысы алдымен аймақ экономикасының дамуы жөнінде қысқаша хабардар етті. Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына қаржыландырудың барлық көздерінен 181 миллиард теңге инвестиция (жекелей индекс көлемі 122,3 пайыз) салынған. Оның 70 пайызы бюджеттен тыс қаражат болса, 8,7 миллиард теңге шетел капиталының үлесінде.

"Облыста белсенді 36 мың шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Онда 137 мың адам (экономикалық белсенді облыс халқының 30 пайызы, белсенді халық 444,2 мың адам) жұмыс істейді. Облыстың индустриалдық-инновациялық дамуында жергілікті құрамды дамытуға басымдық берілген. 2014 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 17 миллиард теңгенің 10 жоба пайдалануға беріліп, 720 тұрақты жұмыс орны ашылды. Әсіресе, облыста бұрын шығарылмаған тауарларды өндіруге бағытталған жаңа кәсіпорындар ашылуда. Бұл өз кезегінде ішкі нарықта импорттық тауарды алмастырып қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді", - деді өз сөзінде облыс әкімі.

Мәжіліс барысында "Тыныс" АҚ, "Степногор подшипник зауыты" АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ, және "Қазақстан Темір жолы" ҰҚ"АҚ тәрізді жергілікті кәсіпорындар және ұлттық компаниялары арасында жалпы 22 млрд. теңгеден астам сомаға отандық үлесті дамытуды қамтамасыз бойынша 7 екіжақты меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ облыс әкімдігі мен жұмыс берушінің және кәсіподақтың арасында өнеркәсіптік процестің тұрақтылығы мен еңбек құқығы және жұмысшыларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіністік жөнінде 7 үшжақты меморандум жасалды. Бұл құжаттар өңірде 9 мыңнан аса жұмысшының еңбек құқын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қол қою барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев жергілікті атқарушы органдар мен Үкімет тарапынан бизнесті дамыту бойынша жан-жақты қолдау көрсетілетінін ерекше атап өтті.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom