Сағынтаев Ақтөбе облысында болды

Жаңалықтар
04.02.2015, 15:07

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барып, жергілікті қамтуды дамыту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесіне арналған жиын өткізді. Оған аймақтағы орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, өңірдің жүйе құраушы және ірі кәсіпорындарының басшылары қатысты. 

Б.Сағынтаев әлемдік дағдарыс Қазақстан экономикасына теріс әсер етпеуі үшін Мемлекет басшысы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын жариялағанын атап өтті.

«Нұрлы жол» елдің инфрақұрылымын дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Бұл өз кезегінде экономиканың дамуына оң әсер етеді», - деді Б.Сағынтаев.

Кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық әкімдігі мен «Еуразиялық топ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Восход Ориел» ЖШС жалпы сомасы 44 млрд. теңгені құрайтын жергілікті қамтуды дамыту туралы меморандумдарға қол қойды.

Ақтөбе облыстық әкімдігі мен аймақтың өнеркәсіп орындары жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үрдістерді тұрақтандыру бойынша меморандумға қол қойды. Солардың ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазхром» АҚ, «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС және т.б бар.

Сұхбат

PhotoRoom