Қалада жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін, ағымдағы жылы 260 аялдама орнатылып, газбен жүретін 590 жаңа автобус алынған
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін, ағымдағы жылы 260 аялдама орнатылып, газбен жүретін 590 жаңа автобус алынған. Осының есебінен қаладағы автобус парктерінің 80 пайызы жаңаруы тиіс.
Сонымен қатар, қоғамдық көліктерге «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі енгізілген. Бұл өз кезегінде транспорт компанияларының тиімділігін арттыра түсетіні анық.