Астана қаласының АЭА Әкімшілендіру басқармасының хабарлауынша, №1 Индустриалды паркте құны 20 млрд теңгені құрайтын 5 жобаны тапсыру жоспарланған. Дизельді қозғалтқыштар өндіру зауыты, жылдам пісетін тамақ өнімдері комбинаты, уақытша сақтау қоймалары мен бизнес-орталық, жиһаз фабрикасын салу, сонымен қатар, әскери және азаматтық техника өндіру көзделген.
Болжам бойынша, қолданыстағы кәсіпорындарда өнім шығару көлемі 140 млрд. теңгені құрап, жұмыс орындарының саны 2300 адамға дейін артады.
Сонымен қатар, биыл мемлекеттік сараптама қорытындысымен ТЭН жобасы әзірленгеннен соң, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және №2 Индустриалды парктің инфрақұрылымдық құрылысы басталады.