Школьник үшжақты Меморандумға қол қойды

Жаңалықтар
05.02.2015, 10:49

Энергетика министрлігінің қолдауымен Ақтау қаласында жер қойнауын пайдаланушылар мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында құны 300 миллиардтан астам теңге болатын Ұлттық өндірушілерді қолдауға бағытталған Меморандумдарға қол қойылды.

Ведомство хабарлағандай, жергілікті қамту мәселесі бойынша аймақтық форумның шеңберінде құжаттарға қол қою рәсімі өткізілді. Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Владимир Школьник Форумға қатысушыларға 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ саласындағы жер қойнауын пайдаланушылармен жалпы құны 3 триллион теңгеден астам тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлері сатып алынғаны, оның ішінде қазақстандық қамту көлемінің 54% құрағанын атап өтті.

В. Школьник өз сөзінде: «Бүгінгі қол қойылған меморандумдардың отандық тауар өндірушілерді қолдауға және жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталғанын», - атап өтті.

Сондай-ақ өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдаған Жолдауына сәйкес орта мерзімде экономиканы дамытудағы басты құрал болатын 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған «Нұрлы жол» атты инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның әзірленгенін хабарлады. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты экономиканы және әлеуметтік саланы бұдан әрі дамытуға түрткі болады.

Қазақстандық қамтуды дамыту  саясаты отандық бизнесті қолдаудың өзекті мәселесі болып табылады.

Энергетика министрі В. Школьник «Экономиканың әр саласындағы және Қазақстан Республикасының әр аймағындағы  субъектілер арасындағы өзара кешенді әрекеттестікті дамыту үшін, бүгінгі күннен бастап бірыңғай ықпалдыстық жолында жұмыс жүргізу маңыздылығын, - атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom