"Ислам мемлекетіне" соққы беріледі

Жаңалықтар
09.02.2015, 12:43

Ирак әскері таяу уақытта «исламшылар» басып алған жерлерін бақылауды қалпына келтіру мақсатында «Ислам мемлекеті» радикалды ұйымына қарсы ірі құрлықтық операция бастауды жоспарлауда, деп хабарлады Қазақпарат «Әль Арабия» телеарнасына сілтеме жасап.

Араб телеарнасы «Ислам мемлекетіне» қарсы халықаралық коалицияның  АҚШ-тық үйлестірушісі Джон Алленнің мәлімдемесін келтіреді. «Таяу уақытта Ирак әскерінің ірі шабуылы жоспарлануда», - деді жоғары қызметтегі америкалық өкіл.

Бұл ретте Дж. Аллен құрлықтық науқан халықаралық коалицияның қуатты шабуылына ұласатынын айтты. Сондай-ақ, америкалық дипломат америкалық қаруды жеткізуде және майдан желісінде ирак әскерін оқыту барысында кідіріс орын алғаны жөніндегі айыпты жоққа шығарды.

«Құрама Штаттар әріптестеріне жылдам қолдау көрсету үшін қолдарынан келгенін жасауда», - деп мәлімдеді Дж. Аллен.

АҚШ Ирак пен Сирия аумағының бөлігін басып алған ИМ содырларына қарсы әскери-әуе операциясын басқарады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Дж. Керри жуырда өткен Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде коалиция 2014 жылғы тамыздан бастап «Ислам мемлекеті» нысандарына 2000-нан астам әуе соққысын жасағанын атап өтті. Алдын ала деректер бойынша, әуе соққысы салдарынан содырлар 200-ге тарта мұнай, газ нысандарынан айырылған.

 

Сұхбат

PhotoRoom