Елбасы ресейлік әріптесімен сөйлесті

Жаңалықтар
10.02.2015, 09:36

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. 

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелерін талқылады.

В.Путин өзінің Германия және Франция көшбасшыларымен 6 ақпанда Мәскеуде өткен келіссөздерінің қорытындылары, сонымен қатар «норманд форматында» 8 ақпанда телефон арқылы өткізген келіссөздері жөнінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде 11 ақпанда өткізу жоспарланған төртжақты келіссөздер Украина қақтығысын реттеу жолдарын іздестіру ісінде мәмілеге келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Бұдан бөлек, Ресей экономикасындағы уақытша қиындықтарға байланысты мемлекеттер басшылары өзара сауданың ағымдағы мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтеріне өзара тиімді шешімдер әзірлеу жөнінде тапсырма берілді.

Сұхбат

PhotoRoom