Мұнайға сұраныс артады

Жаңалықтар
10.02.2015, 09:39

Алдағы бес жылда әлемде мұнайға деген сұраныс қалпына келеді, делінген Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) баяндамасында. Бұл туралы Қазақпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.   

«Сұраныс, орташа алғанда, жылына 1,2% артады», - делінген ХЭА мұнай нарығының бес жыл ішіндегі болжамына арналған баяндамасында.

Агенттік болжамына сәйкес, 2020 жылы әлемде мұнайға деген сұраныс күніне 99,1 миллион баррельді құрайды. 2014 жылдан  2020 жылға дейін сұраныс күніне  6,6 миллион баррель мұнайға көбейеді. Сұраныстың артуы оны өндіру көлемін шамамен  1,5 миллион баррельге арттырып, 5,2 миллион баррель болады.

ХЭА 2015 жылы сұраныс тәулігіне  93,3 миллион баррель мұнай болады деген болжам бар. Агенттік пайымынша, 2016 жылы бұл көрсеткіш 94,5 миллион баррельді құрайды.

Мұнай бағасының арзандауы, оны өндіру көлемін шектеуге мәжбүрлейді. Мұнайды өндіру бойынша қуаттылықтың әлем бойынша ұлғаюы 2020 жылға дейін күніне шамамен  860 мың баррель.

2020 жылға қарай әлемде мұнай өндіру бойынша  қуаттылық күніне 103,2 миллион баррель болмақ.

Сұхбат

PhotoRoom