Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында автокөлік жарылып, бір әскери қызметші жан тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін Астанада Достық көшесінде ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің қызметшісі, подполковник, 1975 жылы туған Сыздықов Арман Қайдарұлы отырған Chevrolet маркалы автокөлікте жарылыс болды. Алған жарақатынан ол оқиға орнында қайтыс болды, көшеден өтіп бара жатқандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.
Оқиғаны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Оқиға орнынан өлім алдындағы хат табылды, лаңкестік әрекет туралы болжам жоққа шығарылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.