Қазақ батырларының көрші елдердегі ескерткіштері (ФОТО)

Сараптама
10.02.2015, 15:03

Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қазақ батырларына көрші елдердің құрметі өте жоғары. Қазақ батырларының ерліктерін мәңгі есте сақтау үшін бауырлас қалаларда алаңдар мен мектептерге есімдері беріліп, ескерткіштері қойылған. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында көрші елдердегі осы ескерткіштерге шолу жасаған едік.

 

Ресей. Псков облысы. Невель қаласы. Ұлы Отан соғысы кезінде Невель қаласын ерлікпен қорғаған Әбілхайыр Баймолдинге арналған ескерткіш.  Ә.Баймолдин 1944 жылы шайқас кезінде қаза тапты. Жанқиярлық ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. Ескерткіш тұрған алаң қазіргі уақытта «Ә.Баймолдин алаңы» деп аталады.

 

Ресей. Санкт-Петербург қаласы. Сирофимов зираты. Кеңес Одағының батыры, Ресей Федерациясының батыры Қайыргелді Майдановқа қойылған ескерткіш. Ескерткішті жасау кезінде есімі «Николай Саинович» деп қате жазылған.

 

 

Қырғызстан. Бішкек. Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновке қойылған ескерткіш қырғыз халқының бауырлас халыққа деген құрметі. Ескерткіш 1949 жылы қойылған.

 

Ресей. Ленинград облысы. Мамаев қорғаны. Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровтің құрметіне қойылған ескерткіш-тақта.

 

Ресей. Псков облысы. Невель қаласы. Қазақ жауынгері Ибрайым Сүлейменовке қойылған ескерткіш. Қаланы жаудан азат ету кезінде 289 фашистің көзін жойған ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», «Ленин ордені» құрметті атақтарымен марапатталған.

 

Ресей. Псков облысы. Невель қаласы. Қазақ қыздарының ішінен алғашқы болып Кеңес Одағының батыры атанған Мәншүк Мәметоваға қойылған ескерткіш. М.Мәметова Невель қаласын азат ету кезінде жалғыз өзі 70 фашистің көзін жойып, ерлікпен қаза тапқан.

 

       

Ресей. Ленинград облысы. Кировск қаласы. Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетоватындағы мектеп пен оның ауласындағы батыр ескерткіші. Ленинград қаласы үшін кеудесін оққа тосқан батырдың есімі 2001 жылы мектепке берілді.

 

       

Ресей. Мәскеу қаласы. Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың атына берілген мектеп пен ескерткіш-тақта, бюст. Мектеп ғимаратының ішінде Ә.Молдағұловаға арналған музей-залы бар.

 

Ресей. Мәскеу облысы. Волоколамск қаласы. Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына қойылған ескерткіш. Ескерткіш ҚР-ның РФ-дағы Елшілігі және Волоколамск қаласы басшылығының бастамасымен 2014 жылы ашылған.

 

Дайындаған Нұрсерік ЖОЛБАРЫС Baq.kz

Суреттер informpskov.ru, kazakh.orgfree.com, tengrinews.kz, wikipedia.org, 24.kz, centrasia.ru, kazakh.ru сайттарынан алынды.

Сұхбат

PhotoRoom