Қырғызстан мен Тәжікстан шекараны бекіту қамына кірісті

Жаңалықтар
11.02.2015, 09:40

Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев Душанбеде тәжік әріптесі Сироджидин Асловпен кездесті. Бұл туралы РСЕ/РС тәжікстандық қызметі хабарлады. 

40750422-3B7E-487E-9DA5-F532FCADCEB7_w308_h173

Негізгі әңгіме қауіпсіздік мәселесі болған. Ауғанстандағы оқиғалар кезінде екіжақты ынтымақтастықты арттыру кезек күттірмес мәселе екеніне тоқталған сыртқы істер министрлері аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы механизмдерін пайдалану туралы ақылдасты.

Министрлер Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекараларын делимитация және демаркация жасауды тездетуді сөз етті. Ол үшін әрине конструктивті және өзара келісімді әдістерді пайдалану қажет.

 

Сұхбат

PhotoRoom