Обама Путинге соңғы рет ескерту жасады

Жаңалықтар
11.02.2015, 10:01

Бүгін Минск қаласында Украинаның шығысындағы тұрақсыздықты реттеу мәселесі бойынша Германия, Франция, Ресей және Украина басшылары бас қосады.

АҚШ президенті Барак Обама Владимир Путинді осы жиында дағдарысты реттеу жоспарын қолдауға шақырды. Обаманың бастамасымен болған телефон арқылы әңгімеде ол Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын жеткізген. Сондай-ақ, Украина жеріндегі сепаратистерді қолдау арқылы агрессиялық саясат жалғаса беретін болса, Ресейге оның салдары ауыр тиетінін ескертті. Ол кеше Вашингтонда қабылдаған Германия Канцлері Ангела Меркельге де осыны айтқан болатын.

Сұхбат

PhotoRoom