Назарбаев: "Қазақстанда дағдарыс жоқ"

Жаңалықтар
11.02.2015, 11:25

Әлемдік экономикалық дағдарысқа геосаяси текетірес қосылып отыр. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Отырысты ашқан ҚР Президенті бүгінгі кездесу Үкіметтің кеңейтілген отырысы болып саналатындығын, жиынға Үкімет мүшелерімен бірге жергілікті әкімдер, басқа да ведомство басшылары қатысып отырғанын атап өтті.

«Былтырғы жылдың қорытындысын айтқанбыз, барлықтарыңызға белгілі. Жалпы алғанда дүниедегі дағдарысқа қарамай Қазақстанның экономикасы 4 пайыздан артыққа өсті. Басқа да шараларды қолдандық. Қазір, мінеки, дүниежүзілік экономика қиын-қыстау жағдайға тап болып отырғанын өздеріңіз көріп отырсыздар», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы өз сөзінде экономикалық дағдарысқа геосаяси текетірестің де қосылып отырғанын баса атап өтті.  «Соның салдарынан әлемдік нарық белгісіздік жағдайға тап болды. Бұл әлем халықтарының ажырамас бөлігі ретінде Қазақстанға да ықпалын тигізеді. Біздің қазіргі экономикалық саясатымыздың бағыты дұрыс. Келеңсіздіктер - сыртқы нарықтың әсері. Қазақстан ішінде экономикалық дағдарыс жоқ. Біз қиындықтарды күтіп қарап отырмай, оның алдын алу үшін жедел шараларды қолға алдық. Оны халық біледі», -  деді Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, қолға алынған шаралардың ішінде нақты жоба, жоспарлар бар. Ол жоспарлар қатып қалған қасаң қағидалар емес.

«Ең жақсы жоспарлар заманға байланысты икемделіп, бейімделе білуі керек», -  деді Н.Назарбаев.

Сұхбат

PhotoRoom