Несиелердің деңгейін 10%-ға дейін төмендетеді

Жаңалықтар
12.02.2015, 10:56

Екінші деңгейлі банктер 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін өздерінің портфеліндегі «нашар» несиелердің деңгейін 10%-ға дейін төмендетеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.

Оның мәліметінше, 2004-2007 жылдар аралығындағы жұмыс істемей тұрған несиелердің «қалдығын тазарту» кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сол кезде бұл көрсеткіш 33% құраған болса (яғни әрбір үшінші несие жұмыс істемейтін болған), 2015 жылдың 1 қаңтарында бұл сан 23,5%-ға түсті.

«Дағдарыс кезінде қайта құруға ұшыраған банктерден басқасының барлығы дерлік нашар несиелер өздерінің портфелінің 15%-ынан аспауы керек деген тапсырманы орындады деуге болады. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін бұл көрсеткіш 10%-дан аспайды деп күтеміз. Сондықтан барлық банктер осы нормаға сай болуы тиіс. Егер де қандай да бір банк бұл межеге сай келмесе, онда ол нормативті бұзды деп танылып, барлық шаралар қолданылады», - деп атап өтті Қ. Келімбетов.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom