Президент - ең жоғарғы лауазым. Конституция бойынша да, менталитетімізде де солай. "Елбасы айтқандай" деп алып, өзінің көзқарасын таңа беретіндер көбейді. Елбасының тапсырмасымен деген жалаң сөздердің артында ертең сол дүниеден шикілік шықса, президентке жаба салу ойы тұр ғой...
Енді мынандай сөзді кездестірдім. Президент айтқан жері, уақыты көрсетілмегеннен кейін, нақты сілтемесі жоқ болған соң Назарбаевтың аузынан осындай сөз шықты ма, жоқ па онысын тағы білмедім. Білмегеннен кейін сұрайын деп шештім.
"Қазір елбасының өзі «балаларды дұрыс жолға тәрбиелейік, медресеге берейік» деген үндеу тастап жатыр, алайда, ата-анасы тура жолда болмаған баланы, біз қалай тыя аламыз?" (с) түпнұсқа мына жерде.
Егер нақты айтып, Президент солай үндеу тастап жүрсе, дауым жоқ.
Б. Садуақас