Қозы Көрпеш пен Баяннан бас тартайық па?

Жаңалықтар
12.02.2015, 11:43

Қазақтың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан рухани мұраларының бірі "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу" жырын насихаттауға тыйым салу керек дейді танымал сазгер Жарылқасын Дәулет. Өнер иесі мұндай ойын "Асыл арна" телеарнасына берген сұхбатында айтқан, деп жазады baq.kz.

"Қозы Көрпеш, Баян сұлу деген кімдер? Қозыны Қодар өлтіріп тастаған соң, Баян да өзіне қол жұмсап өлді де, бір молаға кірді. Өзін-өзі өлтіріп, жаназасы шықпай, бір молаға жатқан адамды кімге үлгі қылып отырмыз?", - деген сазгер Жарылқасын Дәулет мұндай эпостық кейіпкерлерді махаббат символы ретінде қарастыруға болмайды деп санайды.

Сазгердің ойынша, бұл кейіпкерлер жастарға кері тәрбие береді.

"Біз өскелең ұрпақты суицидке өз қолымызбен итермелеп жатқан жоқпыз ба? Біреу өліп, соның артынан екіншісі өзін өлтірсе, ерлік пе?", - дейді ол.

Сазгер өзінің сұхбатын "махаббатты Валентинге бір, Қозы Көрпешке бір тықпалап қадірін кетірмей, екеудің арасында жасырын ұстап, аялап, бағалы еткеніміз дұрыс", - деп аяқтаған.

Сұхбат

PhotoRoom